№2 қазақ-түрік дарынды қыз балалар лицей-интернаты
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
president

Қазақ-түрік лицейі еліміздің тәуелсіздігінің нәтижесінде дүниеге келген оқу орны. Болашақта білімді, білгір жастар адамзат өркениетіне кірпіш болып қаланатынына сенемін. XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан осы білім беру мекемесін ашуға еңбек сіңіргендерге алғыс айтқым келеді.

 Н. Ә. Назарбаев

  

Табалдырығын жаңа аттап отырған ғасырымызда білімнің алатын орны айрықша. Өйткені білімі жоғары дамыған елдер ғана халқының тәуелсіздігін сақтап қала алмақ. Себебі ел тұтқасын жан-жақты, білімді жас ұрпақ ұстаған шақта өркениет те өзінен-өзі өрге домаламақ. Демек егемендігін жаңа алған еліміздің болашағы білім қуған жастарымен тығыз байланысты. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Білім ордасынан сапалы білім мен өнегелі тәрбие алып шыққан бала ертең елі үшін қызмет етеді емес пе? “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”-деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпақ емес.

Әлемде дамыған озық мемлекеттердің тәжірибесі табиғи ресурстардың есебінен емес, білім жүйесіне тиімді жолмен келе білуі нәтижесінде қол жеткізгенін көрсетуде. Қазіргі заманда кез келген мемлекеттің жоғары тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап отырудағы маңызды шарты – ол адамдары, олардың ерік-жігері, қажыр-қайраты, білімі болып табылады.

Иә, білім мен ғылым - әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын даңғыл жол. Сондықтан бұл жолдың жауапкершілігі де ауқымды. Олай болса, бүгінгі жас ұрпақ алға қойған міндеттерді іске асырушы өзі екенін жете түсініп, бұл жолда мойымай еңбек етуге, белді бекем бууға тиіс.

 

Сауалнама

Сіздің ойыңызша сайттың дизайны қандай?