ҰБТ-ға дайындық туралы

Білім-бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ-әлдекімнің азығы.

М.Әуезов

 

Мектептің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі нәтижесі сол мектептегі беріліп жатқан білім сапасының көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да лицейде бұл мәселеге ерекше назар аударылып, тестілеуге дайындық жоғары деңгейде ұйымдастырылады.

 

 taking-test

 

 ҰБТ-ға дайындық жұмыстары 10-шы сыныптың екінші жартыжылдығынан басталады. Оқушыларға сенбі күндері математика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі және таңдаулы пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Аптада бір рет лицейішілік сынақ өткізіледі. Айына бір рет еліміздегі қазақ-түрік лицейлерінің 11-ші сынып оқушылары арасында дайындық сынағы өткізіледі. Оқушылардың арасындағы бәсекелестікті және қызығушылықты арттыру мақсатында сыныптағы оқушылар 7-10 адамдық топтарға бөлінеді. Жасалған сынақта жоғары орташа бал жинаған топ, ең жоғары бал жинаған оқушы арнайы сыйлықпен марапатталады. Оқушыларға тоқсан демалыстарында ҰБТ-ға дайындық лагері ұйымдастырылады. Мамандық және университет таңдау, ҰБТ туралы толық ақпарат беру үшін арнайы мамандар шақыртылып семинар-тренингтер өткізіледі.